Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстағы газды қауіпсіз пайдалану

Тұрмыстағы газды қауіпсіз пайдалану

2020 жылдың басынан бері Сырдария ауданы бойынша өрт кезінде күйік шалған 3 азамат тіркелді. Былтырғы жылы бірде-бір дерек тіркелмегенін ескерсек, көрсеткіштің көбейгенін аңғаруға болады. Өрттің негізгі шығу себептері тұрмыстық жағдайдағы газды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақталмаудан туындаған.

– Тұрмыстық баллондарды толты­руға арналған арнайы пункттерде ға­на баллондарды құюды жүзеге асыру қажет;

– Баллонды ауыстырар алдында жаңа немесе пайдаланылған бал­лон­дардың крандары жабық екеніне көз жеткізген дұрыс, ауыстырылғаннан кейін герметикалығын сабын ерітіндісін жағу арқылы тексеріп алу керек;

– Баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иіл­гіш резеңке шланганы қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзын­дығы метрден аспайтын етіп пайда­ланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз, бұл өрт оқиғаларының туындауының баст себебі болуы ықтимал;

– Газ құралдарын қосу кезінде ретін сақтаңыз, алдымен сіріңкені жа­ғып, содан кейін газ беруді ашыңыз. Алдымен газды ашу – адам өміріне өте қауіпті:

– Тексерілмеген баллонды тұрмыстық жағдайда пайда­ла­нуға қатаң тыйым салынады;

– Газдың шығып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтардың отқа төгілмеуін мұқият және күнделікті қадағалаңыз;

– Газ плитасының жанарғыларын үнемі тазалаңыз.

– Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонды және кранды жабуды ұмытпаңыз.

Тыйым салынады:

– Өз бетінше үйді газдандыруға, орнын ауыстыруға, кез келген газ жабдығын жөндеуге;

– Тиісті қызметтердің рұқсатынсыз, жабдықтың орналасқан жерін өзгерте отырып, үй-жайды қайта жоспарлауды жүргізу;

– Жабдық жарамсыз болған жағдайда газды қосуға және пайдалануға;

– Газ құралдарын қараусыз қалдыруға немесе балаларға пайдалануға рұқсат етуге;

– Үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын пайдалану;

– Газ аспаптары орнатылған бөлмелерде ұйықтау.

Ескертпе: Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 сенім телефоны жұмыс жасайды және орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «112» және 21-2-00 телефондарына хабарласуыңызды сұрайды.

Сырдария аудандық
төтенше жағдайлар бөлімі

11 тамыз 2020 ж. 690 0