Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Мен ішпеген у бар ма?» драмасы сахналанды

«Мен ішпеген у бар ма?» драмасы сахналанды

Бүгін «Абай күніне» орай Айдарлы ауылындағы Ғ.Жанұзақов атындағы ауылдық клуб жанынан құрылған «Айдарлы халық театры» ақын Иран-Ғайып Оразбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» реквиемін онлайн түрде көрермен назарына ұсынды.

Драманы алғаш рет режиссер А.Әшімов 1987 жылы 14 қарашада Қазақ драма театрында сахнаға шығарған. Драмаға күрескер-ақын өмірінің соңғы кезеңі арқау болған. Режиссер тұрмыс-салттық және шарттылық тәсілдерді тоғыстырып, ақынның қоғамдық өмірдегі белсенділігін көрсетуге көңіл бөлген.

«Айдарлы халық театры» сахналаған спектакль режиссері – Рахия Абдукаримова. Абай бейнесін Орынбай Оспан сомдады. Қойылымда Құнанбай (Алмат Өтеуов), Оразбай (Бақытжан Әлтаев), Кунту (Сұңғат Раушанбеков), Көкбай (Нұрсейіт Сыздықов) Нұрғаным (Ләззат Бекарыстанова), Ақылбай (Сұңғат Мырзахметов), Олжабай (Ерсұлтан Шайхысламов) Хадиша (Нұрила Кенесары) бейнелері сәтті көрініс тапты. Суретші Бақытжан Әлтаев Абай заманын көрсете отырып, сахнаны мазмұнға сай безендірген.

10 тамыз 2020 ж. 972 0