Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АЙДАРЛЫ – ӨНЕРПАЗДАР АУЫЛЫ

АЙДАРЛЫ – ӨНЕРПАЗДАР АУЫЛЫ


Бұл ауылды ән мен жырдың, өнердің бесігі десек те болады. Өйткені, халықтық театр атағын алған өнер ұжымы аудандық мәдениет үйі мен осы Айдарлы да ғана бар. Айдарлы халық театры ауданның 90 жылдығына орай көрнекті драматург, жерлесіміз Қалтай Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек» атты екі актылы комедиясын сахналап, кент көрермендерінің назарына ұсынды. Өлмес шығармаларымен халық жүрегінде қалған ауданмен құрдас Қалағаңның фантазияға бай туындысы көрермендерді шат күлкіге бөледі. Ал, күлкі дегеніміз өз кезегінде өмірді ұзартатын дәрумен. Спектакль барысында рөлдерді ойнаған әртістердің шығармаға жан-жақты дайындықпен келгені көрініп тұрды. Әсіресе, театрдың режиссері, жергілікті өнерпаз Рахия Әбдікәрімованың ізденісі, шеберлігі айқын сезілді. Кент тұрғындары ауданның 90 жылдық торқалы тойына лайықты тарту жасаған айдарлылықтарға риза болды.

Ш.Балтабайұлы
14 тамыз 2018 ж. 1 783 0