Әскери қызмет – мерейлі міндет

Жалпы келісім-шарт негізіндегі әскери қызмет – Отанын және отбасының әл-ауқатын көтеру жолындағы абыройлы жұмыс. Отан қорғау рухымен өмір сүретін әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғары деңгейде ұстау мемлекеттің міндеті.
«Әскери қызметкерлер 100 мың мен 200 мың аралығындағы жоғары жалақымен, тұрғын үйдің жалға алу төлемінің кепілдігімен, ақысыз медициналық көмекпен және жыл сайын кезекті еңбек демалысына шыққан уақытта үш айлық көлеміндегі ақшалай қаражатпен қамтамасыз етілетін болады. Аталған қызметке орналасуға ниетті азаматтың ең алдымен мерзімді әскери қызметті өтеп келгені, жоғары моральдық және кәсіби даярлықпен қатар денсаулық жағдайы әскери өмірге жарамды болғаны дұрыс», – дейді әскери сала мамандары.
«Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақтың қолында» десек, отансүйгіш азаматтар әскери абыройлы қызметке баруы тиіс.
Майя ҚОЖАБАЙ