Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » САРБАЗДАР ЖАРАП ТҰР

САРБАЗДАР ЖАРАП ТҰР

Елді қорғау – абыройлы міндет. Сол абыройлы міндетті адал атқару сайдың тасындай сапқа тұрған әрбір сарбаздың парызы. Әскери қызмет әрбір азаматты әскери-патриоттық рухқа, Отан алдында борышын өтеу сезімін қалыптастыруға, өмірлік қиыншылықтан мүдірмей өтуге тәрбиелейді.
Ең алдымен, бойымыздағы патриотизмді дамытуы­мыз қажет. «Қазақстан – 2050» стратегиясында көз­делген жаңа үрдіске бет түзеген терезесі тең елу елдің ғана емес, ең алпауыт отыз елдің қатарына кіруді мақсат тұтқанымыз сондықтан. Бүгінгі таңда елімізде бейбітшілік, тыныштық пен келісімді сақтау жалпыұлттық құндылыққа айналды. Қазақстан әскери техникасы да­мыған, қорғаныс қабілеті күшті, бейбітшілігі баянды мемлекет болып саналады. Тәуелсіздікке 28 жыл толса да, бүгінде әске­рімізге барынша жағдай жасалып келеді. Қарулы Күштердің қабылеті күшті, айбыны асқақ. Соңғы жылдары Қазақстан әскерінде жұмылдыру резервін дайындау, әскери қызметке шақыртуды ұйымдастыру, келісімшарт бойынша әскери қызметті білікті мамандармен жасақтау мәселесі қолға алынып, жыл сайын Қарулы Күштер қата­ры нығайып келеді.
Бүгінде аудан бойынша 1992-2001 жылы туылған азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сырдария ау­данының Қорғаныс істері жөніндегі жасақтау бөлімі мәліметінше, барлығы 56 сарбаздың бүгінгі күнге дейін Отан алдындағы борышын өтеуге 31-і аттанған. Олардың басым бөлігі Ақтау, Алматы қалаларына жіберілген.
Ер азамат үшін әскер қатарында болып, қасиетті борышты өтеу – абыройлы іс. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлім азаматтарды мерзімді әскери қызметке жіберу жөнінде облыс бойынша алдыңғы қатарда келеді. Сөзімізге дәлел, 2018 жылы жалпы екі мезгілде шақырту алған 132 сарбаздың бәрі әскери міндетін өтеген. Бұл – үлкен жетістік.
«Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады» деп Бауыржан атамыз айтқандай, ел басына күн туған шақта Отанын қорғайтын рухты сарбаз қатары көбейсін дейміз.

Майя ҚОЖАБАЙ

07 мамыр 2019 ж. 1 508 1

Dominga от 30 мамыр 2025 11:46
Reliable tips, Kudos. casino en ligne France You actually revealed this very well! casino en ligne Appreciate it! Quite a lot of material. casino en ligne France Truly a lot of useful facts! casino en ligne You revealed this wonderfully. casino en ligne Awesome write ups, Thanks a lot. casino en ligne Really quite a lot of useful material! casino en ligne France Truly lots of fantastic knowledge. casino en ligne fiable Cheers, Ample advice. meilleur casino en ligne Regards! I enjoy this! casino en ligne francais