Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңа комбайн алынды

Жаңа комбайн алынды

Ала жаздай еңбектеніп жүрген диқандардың мерейге бөленер шағы келе жатыр. Енді аз уақыттан кейін егінге орақ түсіп, қырмандар қызылға толмақ.

Егін жинау науқанына техникалар сақадай сай болуы қажет. Бұл ретте, "Қызылдихан" шаруа қожалығы науқандық жұмысты ысырапсыз атқару үшін техникаларды жаңалап келеді. Атап айтқанда, жақында шаруашылық күріш бастыруға арналған "John Deere" комбайнын сатып алды.

Заман талабына сай техниканың астық жинауда тиімділігі зор. Пакоста күріш қалдығын қалдырмай, егіннің ысырапсыз қамбаға түсуіне және жауын-шашынға қалмай, жылдам жиналуына дала кемесінің мүмкіндігі мол. Мұндағы барлық құрылғы электонды жүйеде жұмыс істейді. "John Deere" комбайнын шаруашылықтың механизаторы Ерлан Жолшыбеков тізгіндейтін болады.

Айта кетейік, егін жинау науқанына шаруашылық техникалары сақадай сай. Астықты оруға "Қызылдихан" ШҚ-да 2 "MagDon" комбайны және күрішті бастыруға 1 "New Holland", 2 "Палессе" комбайны бар. Оның қатары енді жаңа "John Deere" комбайнымен толықты.

03 тамыз 2020 ж. 823 0