Жақынымызға жанашыр бола білсек, індеттің ауылы алыстайды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізген болатын. Соңғы бір айда күшейтілген карантин режимінің арқасында елдегі ахуал тұрақтана бастады. Анығында айтқанда осы күні қауіпті індеттен жазылып шыққан науқастар саны 63 пайызға жеткен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Бұл дегеніміз халықтың денсаулығы жақсара бастауының белгісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды. Бұл дәл қазіргі уақытта оңтайлы шешім екені айтпаса да түсінікті. Халықтың денсаулығын жақсартуға арналған карантин ережелеріне бағынуымыз керек. Жақынымызға жанашыр бола білсек, індеттің ауылы алыстайды.
Муса КЕЛДІБАЕВ,
Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы
Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы