«Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, аумақтық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес карантиндік талаптардың сақталуын халық арасында түсіндіру мақсатында бүгін ауданда «Жолда қабылдау» акциясы өткізіліп жатыр. Акция аудандық полиция бөлімінің фронт-офисінде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының аудандық бөлімі жанында ұйымдастырылуда.
Іс-шара барысында аудандық полиция қызметкерлері құқықтық кеңес беру жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда шектеу талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін ескертуде. Сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастыру, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беруге қатысты тұрғындар сұрақтарына жауап беруде.
Айта кетейік, құқықтық кеңес беру бағытындағы «Жолда қабылдау» акциясы 17-18 шілде күндері өткізілуде.