Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ
Коронавирус жайлы соңғы ресми ақпаратпен Қызылорда облысы әкімдігінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасы жариялады. Онда облыста вирус жұқтырғандар тіркелмегендігі айтылған.
I (а) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына 2020 жылдың 6 наурызынан бүгінгі күнге дейін келген ҚР-ның азаматтары – 3 және 1 Сербия азаматы (барлығы Германиядан келген). Провизорлық стационарға (карантинге) орналастырғаны - 4. Тексеріс нәтежисінде бұл азаматтардан КВИ анықталмады.
I (б) категория елдерінен Қызылорда облысының аумағына 2020 жылдың 5 наурызынан бүгінгі күнге дейін келген ҚР-ның азаматтары жоқ.
II категорияға жатқызылған елдерден Қызылорда облысының аумағына 2020 жылдың 5 наурызынан бүгінгі күнге дейін келген ҚР-ның азаматтарының саны – 4 (Біріккен Араб Әмираттары). Қазіргі уақытта бұл азаматтар медициналық бақылауда.
Ешқандай категорияға жатпайтын, бірақ КВИ тіркелген елдерден келген ҚР азаматтар саны – 3 (Иордания, Беларуссия), бұл азаматтар телефонменмен бақылануда.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында білім алатын қызылордалық 6574 студент пен оқушының тізімі анықталып, Қызылордаға келгендері бақылауға алынып жатыр. Осы қалалардан келген азаматтардың жалпы тізімі де нақтылану үстінде. Медицина мамандары күніне екі мәрте оларға қоңырау шалып, денсаулықтарын бақылайды. (дене қызуы мен басқа да шағымдары сұралады)
Провизорлық стационарда 100 орын дайын. (облыстық балалар мен жасөсіпірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаторийінде 70 орын, жұқпалы аурулар ауруханасында 30 орын)
Сондай-ақ карантиндік 400 төсек орын жабдықталған, – делінген жазбада.