Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл емханасына дәрі-дәрмек жеткізді

Ауыл емханасына дәрі-дәрмек жеткізді

Қиын кезде жақыныңа жанашыр болып, ауырпалықты бөлісу қайрымдылықтың белгісі. Қазір аудан тұрғындары жұқпалы дерттің кең таралмауына жол бермеуге барын салуда.

Қолдан келгенше сақтану шараларын жасап, аурудың белгісі біліне бастағанда дәрігерге көрініп, оны асқындырмаудың амалын жасауда. Осындайда тұрғындар арасында дәрі тапшылығы анық байқалып жатқаны белгілі.

Осы ретте ел ішінде дәрі-дәрмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп жатқан жомарт азаматтар да жоқ емес екенін айта кеткен жөн.

Бүгін Бесарық ауылдық емханасына ауыл инвесторы "Абай-Дәулет" ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев құны 350 мың теңге тұратын дәрі-дәрмек пен медициналық маска әкелді. Бұл дәрілер ауылда алғашқы көмекті қажет ететін науқастарға беріледі. Сонымен қатар ауылдық округтің учаскелік дәрігерінің нұсқауы бойынша тұрғындарға тағайындалатын болады.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
09 шілде 2020 ж. 578 0