Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақтық шарасын ұстаудың кезі келді

Сақтық шарасын ұстаудың кезі келді

Күн сайын әлемді алаңдатқан бүгінгі жайсыз жағдай ауыл-аймақтың барлығына жетті. «Бір айналдырса, шыр айналдырады» дегеннің кері келді. Байқасаңыз адамдардың көпшілігі ауырып жатыр. Бірі тұмаураттым десе, енді бірінің жағдайы мүшкіл хәлге жетті. Дене қызуы, әлсіздік, дененің тырысып ауруы, жөтел, тыныс алудың қиындауы мазалайтын адамдар саны соңғы күндері күрт көбейді. Тұрғындардың ауада вирустың барына көзі жетті. Енді қорғанудың амалына шындап кіріскен жайы бар. Көшеде бұрынғыдай емес, маска киіп, ара қашық­тықты сақтап жүргендердің қарасы қалың.

Ақпарат құралдары таратқан жаңалықтар көңіл көншітерлік емес. Барлық аймақта жағдай ауыр. Мемлекет басшысы Үкіметке тағы да нақты тапсырма берді. Денсаулық министрі карантин талаптарын күшейту арқылы індетті бұдан әрі өршітпеудің амалын ұсынды. Ендігі жерде ауырмау – адамдардың өз қолында. «Сақтансаң, сақтайдыны» ескеріп, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуден кеш қалмасақ игі.

Бибісара ЖАНӘЛІ
08 шілде 2020 ж. 370 0