Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордада індет жұқтырғандар саны 290-ға жетті

Қызылордада індет жұқтырғандар саны 290-ға жетті

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 290-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 225. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 10 дерек тіркелді. Оның 9-ы індет жұқтырғандармен байланыста болса, 1-еуі скринингтеу барысында анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алуда», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған– 3856 азамат анықталды. Оның ішінде, 2151-і жақын қарым-қатынаста, 1705-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
24 мамыр 2020 ж. 653 0