Жеке қабылдау өткізді
Мұнан соң «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Н.Талқанбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға келген кент тұрғыны Ж.Мырхиев денсаулық сақтау саласы бойынша сұрақ қойып, заңдылыққа сәйкес жауап алды. Кент ардагерлері кеңесінің төрағасы М.Келдібаев ауданда атқарылып жатқан игі бастамалар жөнінде ой қозғап, мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының нәтижелі болуына тілектестігін білдірді.
Қабылдауға келген аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Б.Мейрамбекұлы сауда-саттықты талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін табыстау бойынша бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен ҚР Жер Кодексінің талаптарын сәйкестендіру бойынша және аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Г.Мешітбаева бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін оңтайландыру бойынша сұрақтарын қойды. А️удан әкімі аппаратының бас маманы А.Жұмабеков мемлекеттік мекемелерде ішкі талдау жұмыстарын жылына бір мәрте өткізуді ұсынса, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Әбілдаев мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеруге байланысты және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Ж.Қасымханов мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық деңгейде спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысты сауалын білдірді.
Жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына түсіндірме беріліп, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатыны жеткізілді.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ