Партиялық мониторинг жұмыстары ұйымдастырылды
Nur Otan партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен карантиндік талаптарды сақтау бағытында партиялық мониторинг жұмыстары жүргізілді. Шараға жетекші партия өкілдерімен қатар, аудандық кірістер басқармасының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының, полиция бөлімінің және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.
Партиялық бақылау барысында Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып блок бекеттердегі жұмыстар облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүргізілу керектігін айтты.
– Талап пен тәртіп – баршаға ортақ. Карантиндік талаптар жеңілдетілгенмен жауапкершілік жүгі азайған жоқ. Әрбір азаматтың денінің саулығы біз үшін маңызды. Сондықтан дұрыс түсіндірме жұмыстары жүргізілу керек және блок бекеттерден арнайы рұқсат қағазы бар азаматтар ғана өтуі тиіс, – деді Еркебұлан Төлепбергенұлы.
Өз кезегінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Ж.Қасымханов карантиндік талаптарды сақтау бойынша бақылау жұмыстары дүкендерде, қоғамдық орындарда және жұмысын қайта бастаған мекемелерде жүргізілгенін айтты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да үйлестірілетінін жеткізді. Сондай-ақ сындарлы кезеңді өткеру үшін құқық қорғаушылар еңбегі ерекше екенін атап өтті.
Атап өту керек, Covid19 пандемиясына байланысты туындаған мәслелер Nur Otan партиясы аудандық филиалының басты назарында. Партиялық мониторинг жұмыстарын апта сайын жүргізіп жатқан аудандық филиал өкілдері демеушілердің және ерікті жастардың қолдауымен аз қамтамасыз етілген отбасыларға да әлеуметтік көмек көрсетті. Республикалық «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде ұйымдастырылған игі іс жалпыхалықтық қолдауға ие болып, қайырымдылық шараларын жекелеген азаматтар да жалғастыруда. Бұл партия бастамаларының өміршең екенін және қоғам тарапынан қолдауға ие болғанын білдіреді.

Гүлсім Әлжанова