ƏРТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.
Қызылорда облысы əкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ мен Сырдария аудандық этно-мəдени бағыттағы "Достығымыз жарасқан" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік -тірлігімнің айғағы" атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік шараны «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлмекен Жаналиева, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сырдария ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі эксперті Арайлым Қасымова ашып, жыл басынан бері облыстық, аудандық мəдени іс шараларға белсенді қатысып жүрген аудандық ассамблея мүшелеріне бағалы сыйлықтар тапсырды.
Концерттік бағдарламада кент мәдениет үйінің өнерпаздары мен аудандық Достық үйіне қарасты əртүрлі этнос өкілдерінен құралған өнерпаздар өнер көрсетті. Кеш қонақтары Луца Константин және Мяцов Никита әннен шашу шашып көрермен ықыласына бөленді.