Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағанда орталық көше жарықтандырылды

Шағанда орталық көше жарықтандырылды

Журналисттің қаламынан мақтау да даттау да жазылады. Ал өзің көтерген мәселе шешімін тауып жатса, төбең көкке бір елі жетпей қалады. Жұмысқа орналасқан алғашқы жылы проблемалық материал көп іздейтінмін. Соның бірі Шаған ауылындағы орталық көшенің жай-күйі еді. Жинап терілген материал басылып шықпаса да билік өкілдеріне назарына іліккен сыңайлы. Қай кезеңде болмасын атқарушы билік органдарының маңызды мәселесі қатарынан әлеуметтік мәселелер мен жол және жарықтандыру жұмысы түскен емес. Ауыл әкімі болып сайланғанына аз уақыт болса да шағандық Ұлбала Тұрғанбекқызы саладағы мәселенің шешілуіне оң ықпал етіп келеді. Шаған ауылындағы көшелерді жарықтандыру жұмысы биыл қарқынды жүруде.
– Жыл басында Т.Мұхамеджанов атындағы көшеге жарық орнатылса, көп ұзамай Ә.Атақаев көшесі толық жарықпен қамтылды. Аудандық бюджеттен 5 млн 521 375 теңге қарастырылып, көшенің 1 шақырымын құрайтын жарықтандыру жүргізілді. Жұмысқа жауапты «Қымбат және К» мердігер мекемесі жоспарға сәйкес өз уақытында аяқтады, – дейді Ұ.Абдраманова.
Еске сала кетейік Ә.Атақаев көшесінде бірнеше мемелекеттік мекеме мен ауылдық емхана, білім ошағы мен спорт нысан бар. Оларға күніне кем деген 1000-нан астам оқушы мен тұрғын қатынайды. Маңызы бар көшеге жарық жүргізілгенін көрген ауыл халқы атқарушы билік өкілдеріне ризашылықтарын білдіруде.
– Мен осы көшемен күніне екі мезгіл жұмысқа қатынаймын. Күн қысқаратын қыс мезгілінде оқушылар әбден қиналған еді. Бұл көшеде не жарық, не жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Кеше ғана жарықтың іске қосылғанын көріп, қатты қуандық.  Енді оқушылар да бізде әбірге түсуге негіз жоқ деп ойлаймын. Осындай ел игілігіне жасап жатқан толағай істері үшін атқамінер азаматтарға алғыс айтамын, – ауыл тұрғыны Г.Өтетілеуова.
Бүгінде Ә.Атақаев көшесі бойында 24 жарық бағаны бар.
 


Майя ҚОЖАБАЙ


24 маусым 2020 ж. 489 0