Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Талантты актердің ұрпағымен кездесті

Талантты актердің ұрпағымен кездесті

Жақында Сырдария ауданында Қа­зақ КСР-нің еңбек сіңірген әр­тісі Өмірзақ Асылбековтің қызы Пси­хо­логия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республи­касы Пре­зиден­тінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты, Жоғары аттестациялық ко­мис­сияның доценті, отставкадағы подполковнигі, Ғылыми-зерттеу инс­­ти­­тутының құзыреттілікті зерттеу бөлімінің бастығы Ләйлә Асылбекова болып, аудан әкімі Руслан Рүстемовпен кездесті.

Кездесу барысында Ләйлә Өмірзаққызы әкесінің кино және театр өнеріндегі орасан жетістіктеріне тоқталды.

Өмірзақ Асылбеков 1956 жылдың қазан айы­нан бастап Қарағанды қазақ драма театрының әртісі болған. Театр сахнасында жүріп, ол Ақан сері, Төлеген, Абай секілді 100-ге жуық рөлдерді сомдаған. 1962 жылы театр өнеріндегі шығармашылық жетістіктері үшін Өмірзақ Асылбековке «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі» атағы берілген. Аудан басшысы Руслан Рүстемов Сырдария ауданының тумасы Өмірзақ Асылбекұлының ұлт өнеріне қосқан мол мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау керектігін жеткізді. Тарихи тұлғалардың жарқын бейнесін театр сахнасында бірнеше мәрте сомдаған даңқты тұлғамен жерлестері мақтанатындығын айтты. Өз кезегінде аудан басшысы талантты актердің мол мұрасын «Еңбек даңқы» музейіне орналастыру қажеттігін атап өтті.

Кездесуден кейін Ұлттық медициналық қауымдастығының «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері Ләйлә Асылбекова №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің жұмысымен танысты. Онда облыстық кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов, аудандық кірістер басқармасының басшысы Нұрлан Нұрсейітов «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты. Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев алдағы уақытта мектеп-лицейдің 100 жылдық мерейтойы аталып өтілетіндігін жеткізді. Ал Ләйлә Асылбекова мектеп-лицей ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
23 маусым 2020 ж. 356 0