Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өгей қызын қорлаған әкеге қатысты сот үкімі шықты

Өгей қызын қорлаған әкеге қатысты сот үкімі шықты


Осыдан біраз уақыт бұрын 11 жастағы өгей қызына азғындық жасады деген айыппен қызылордалық азамат ұсталған болатын. Бүгін педофилге қатысты сот үкімі шығып, ол он жылын түрмеде өткізетін болды деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Сот үкімі бойынша, Нұрлан Рахиев өмірінің он жылын темір тордың аржағында өткізуі тиіс. Тергеушілер 33 жастағы азаматтың өгей қызына азғындақ жасағанын тергеу барысында толық дәлелденгенін жеткізді.
Негізі, Рахиев қызды зорламаған. Бірақ қол жүгіртіпті. 11 жастағы Ақгүлдің дене мүшелерінің сау екені сараптамада да дәлелденіпті. Тек жеткіншік анасына өгей әкесінің әуретті жерін екі рет ұстатқанын айтып берген екен.
Айта кетейік, педофилдің туыстары осыған дейін де тергеу қапасында жатқан Нұрлан Рахиевке келіндерінің жала жауып, баспанасын тартып алмақ болғанын айтып, араша сұраған. Олар енді аппеляциялық сотқа арыз жазбақшы.
23 ақпан 2018 ж. 1 025 0