Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 62 газет

19 тамыз 2025 ж.

№61 газет

16 тамыз 2025 ж.

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » 12 жастағы вундеркинд Абзал жаңалық ашты

12 жастағы вундеркинд Абзал жаңалық ашты


Кеше ғана латын әліпбиі туралы ұсыныс жасаған еліміздің 12 жастағы вундеркинді Абзал Мырзаш бүгін өз елін тағы да қуантып отыр.  ҚБТУ-дың Ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курсында білім алып жатқан Абзал Мырзаш өзі жасаған қазақ-латын әліпбиінің жаңа нұсқасына кез келген кітапты 1 секундта айналдыруға болатын компьютерлік бағдарлама жасады. 
Әкесінің айтуына қарағанда бағдарламаны жасауға 3-4 сағат уақыт қана кеткен. Алдағы уақытта Абзал «Абай жолы» романын толығымен аударуға кіріседі. Тек Абзалдың мемлекетке ұсынған қазақ-латын әліпбиінің қолданысқа енуі туралы шешімді күтіп отырмыз. Осыдан кейін барып баламыз көптеген кітаптарды аударуды қолға алмақ.

Дереккөз: https://massaget.kz/mangilik_el/janalyiktar/50810/
09 ақпан 2018 ж. 1 549 0