Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Балаларға көше тұрғындары сый жасады

Балаларға көше тұрғындары сый жасады

Кент орталығында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы көшеде балаларды қорғау күніне орай "Балаларға базарлық" атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шара барысында көшенің кішкентай балғындарына арнайы сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды. Өз кезегінде балалар әннен шашу-шашып, тақпақ айтты. Өздеріңізге белгілі аталған көше бойында "Ойын алаңы" ашылған болатын. Ойын алаңында шат-шадыман көніл күйге бөленген балалар ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Балақайлардың қуанышында шек болмады.
Еліміздің ертеңі болар балапандарымыз аман, дендері сау болсын! Балдырғандардың шынайы күлкісінен айырмасын.

Фатима МАРАТҚЫЗЫ 
02 маусым 2020 ж. 972 0