Дұғаларды арабша айту шарт емес
Қасиетті Рамазан айында «Сұрақ-жауап» айдарын ашқан болатынбыз. Осыған байланысты газеттің электронды поштасына оразаға қатысты бірнеше сұрақ келіп түскен еді. Бұл сауалдарға аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Асхат Асқарұлы жауап берді.
Сұрақ: Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?
Жауап: Ұлы Жаратушы барлық ұлттың тілімен қоса іштегі айтылмаған тілектерін де біледі. Сондықтан ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын арабша айту шарт емес, әр ұлт өз тілінде айтса да болады.
Сұрақ: Ауыз бекіткенде тіс пастасын қолдануға бола ма?
Жауап: Ораза ұстаған адам ауызын тазалауына болады. Тіпті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аузы берік кісінің тіс тазалағышы ол – мисуак», – деген.
Десе де, шариғатта аузы берік кезде себепсіз бір нәрсенің дәмін тату не шайнау – мәкрүһ, яғни ұнамсыз іс. Бұған байланысты кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дәмі, бәрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалады. Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мәкрүһ деген пікірде.
Алайда «оны қолдануға рұқсат. Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін» деген ғалымдар да жоқ емес.
Ендеше, ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан, аузы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал қолданғысы келген кісілер, ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Себебі ол ішке кетіп қалса, оразаны бұзады.
Сұрақ: Крем жағу оразаны бұза ма?
Жауап: Терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды. Мысалы, крем жағу, май жағу, судың ішінде ұзақ тұру, жараның бетіне дәрі таңу т.б. Тек крем не майды жаққан кезде тым қалындатпаған жөн. Себебі қалың жағылған крем не май дәрет алғанда суды теріге жеткізбеуі мүмкін. Ал теріге су тимеген соң дәрет дұрыс болмайды.
Сұрақ: Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қанша жыл ораза тұтқан?
Жауап: Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғұмырында тоғыз Рамазан оразасын тұтқан. Имам ән-Науаи: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тоғыз жыл Рамазан оразасын тұтқан. Себебі ораза һижраның екінші жылы шағбан айында парыз болған еді. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) һижраның он бірінші жылы рабиул әууал айында дүние салды», – деген дерек жазған.