Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қазақстанда карантин шаралары қалай жеңілдетіледі?

Қазақстанда карантин шаралары қалай жеңілдетіледі?

Карантиндік шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Карантин шаралары індетке шалдығудың күрт өсуіне тосқауыл болып, медициналық жүйеге жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Осының оң нәтижесін біз қазір көріп тұрмыз. Карантиндік шараларды жеңілдету біртіндеп іске асырылады. Бірінші кезекте адамдардың тығыз әрі ұзақ қарым-қатынасы байқалмайтын нысандар іске қосылуда. Осыны ескере отырып, 1 мамырдағы тиісті қаулыда алгоритмді айқындадық», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Осы орайда алгоритмде жұмыс берушілерге және жұмысшыларға, сондай-ақ қызмет көрсету орындарына барған адамдарға қойылатын талаптар қамтылған. Бұл тұрғыда ғимартқа кіргенде масканы тағу, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту ескерілген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, А.Есмағамбетова карантиндік шаралар өзінің нәтижесін бергенін атап өтті. Соңғы екі аптаның барысында тұрақты эпидемиологиялық жағдайды тіркелген.

04 мамыр 2020 ж. 781 0