Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Менингиттің шарықтау шегінен өттік - Жандарбек Бекшин

Менингиттің шарықтау шегінен өттік - Жандарбек Бекшин


Қазақстанда менингитпен ауру көрсеткіші төмендей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы - ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.
«Аурудың беті қайтты. 17-ші апта шарықтау шегі болды, бұл кезде республикада бір аптада - 15, Алматы қаласының өзінде 13 адам тіркелді. Сол шарықтау шегінен өттік. Бүгін қуанып отырмыз, Алматыда төрт тәуліктен бері менингококтық инфекциямен келіп тіркелген ешкім жоқ», - деді ол.
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінгі таңда республика бойынша 24, Алматыда 12 науқас емделіп жатыр.
«Алматыдағыларды ауруханадан шығарып жатырмыз, 14 науқас емделіп шықты, осының өзі аурудың беті қайтқанын көрсетеді», - дейді бас санитар.
07 маусым 2018 ж. 1 058 0