Темірдей тәртіпке бағынайық

Адамдардың салғырттыққа бой алдырып, немқұрайлылық танытуы ахуалды күрделентеді. Қаулыда көрсетілген екінші деңгейдегі банктерге, «Қазпошта» АҚ филиалына, айырбастау пунктеріне, пошталық, коммуналдық, телекоммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарға қойылған талап орынды. Мұнда халықтың басым бөлігі жеке басының жұмысымен күнделікті келіп жатады. Санаулы минутта банкоматтан ақша алып, кері шығамын деген оймен жекелеген азаматтар ережені бұзып жатады. Немесе құжаттарды рәсімдеп, бірнеше сағат сол жерде уақыт өткізеді. Кезекке тұрмастан, ара қашықтықты сақтамастан қойылған талапқа бағынбайды. Мұндайда бір-бірімізге ескерту жасап, ережені бағыну керектігін түсіндіру маңызды. Елдегі ахуал тұрақтанғанша тек темірдей тәртіптіке бағыну басты қағида.
Гаухар Сəрсенбаева,
аудандық мәдениет үйінің әдіскері