26 жағдай: Медицина қызметкері вирус жұқтырды

1 жағдай Қызылорда қаласынан, 1 - Сырдария ауданынан анықталған. Қызылорда қаласының тұрғыны дәрі-дәрмекке аллергиялық реакцияға байланысты жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Арнайы тест нәтижесінде вирус анықталған. Ал ауданға қарасты Аманкелді ауылынан тіркелкен науқас дәрігерлік амбулатория қызметкері. Қазіргі таңда барлық медицина қызметкерлері тексерілуде. Айта кету керек, осы сәтте Сырдария ауданында вирус жұқтырудың 26 жағдайы тіркелген.