Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сырдарияда коронавирус жұқтырған адам саны 25-ке жетті

Сырдарияда коронавирус жұқтырған адам саны 25-ке жетті

Аймайғымызда соңғы тәулікте коронавирус індетін жұқтырған  5 адам тіркелді. 2 – Шиелі ауданы, 2 – Сырдария ауданы, 1 – Жаңақорған ауданынан коронавирус жұқтыру жағдайы анықталған.  Дәл осы сағатта Қызылорда облысында  кеселді жұқтырғандар саны 124-ке жетті. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
– Шиелі және Сырдария ауданында анықталған азаматтар бұрын коронавирус жұқтырған  адаммен байланыста болған. Бақылауға алынған азаматтардан індет анықталып отыр. Ал Жаңақорған ауданында  індет жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді, – дейді басқарма басшысы.
Науқастармен байланыста болған азаматтар анықталып, бақылауға алынуда. Айта кетейік, Сырдария ауданында  дәл осы сағатта коронавирус жұқтырғандар саны 25-ке жетті.
15 сәуір 2020 ж. 995 0