Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Талап барлығына бірдей

Талап барлығына бірдей

Елімізде коронавирус індеті­нің өршуіне байланысты Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағ­дай­дың қол­­да­нысын ұзарту туралы жар­лық­­қа қол қой­ған болатын. Тө­тен­ше жағдай кезінде жергі­лікті тұрғын­дардың түн мез­­гі­лінде жү­руін шек­теу мақ­сатын­да күн сайын аудан әкімді­гінің ұйымдас­­тыруымен рейд жүргізі­луде.
Рейд барысында арнайы топ мүшелері бірнеше бағытта тұрғындарға түсіндірме жұмысын жасауда. Әр көшенің бойынан жаяу жүргіншілер мен  автокөлік тізгіндеген азаматтар кездесуде. Олардың бағыты біреу, айтар себептері көп. «Сақтансаң, сақтармын» деген қатаң қағиданы ұс­танбаған олардың кейбірі топ мүшелеріне наразылық танытады. Немқұрайлылыққа бой алдырып, тәртіпке бағыну керектігін естен шығаруда. Кейбір жағдайда жекелеген азаматтар топ мүшелеріне қолдау көрсетіп, ахуалдың күрделенуіне жол бермеуге үндейді. Талап барлығына бірдей бол­ғандықтан шектеу шараларына мойын ұсыну керек. 
Төтенше жағдай режимін бұзған аза­маттарға құзырлы орган тарапынан тәр­тіптік шара көрінуде. Беймезгіл уақытта қоғамдық орында ережені бұзғандар Заң жүзінде жазалануда. Ел көлемінде  ахуалдың тұрақтануына белгіленген уа­қыт­та үйден шықпау септігін тигізеді. Айта кету керек,  барлық адам қойылған талапты орындаған жағдайда вирустың таралуы бәсеңдейді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
18 сәуір 2020 ж. 527 0