Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШКЕН ЖАҒДАЙДА ҰТАТЫН ТҰСТАРЫМЫЗ КӨП

ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШКЕН ЖАҒДАЙДА ҰТАТЫН ТҰСТАРЫМЫЗ КӨП


Біз, сырбойылық жастар еліміздің латын әліпбиіне көшуін бірауыздан қолдаймыз. Мемлекет басшысының қазақ тілінің жаңа әліпбиі туралы бүгінгі Жарлығы бұған дейінгі пікір-пайымдарды ортақ арнаға тоғыстырды деуге болады.
Елбасының игі бастамасы заман қажеттілігінен туындап отыр. Ақпараттық технология дамыған заманда интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Жаңа әліпбиге көшкен жағдайда біздің ұтатын тұстарымыз көп.
Ең бастысы, осылайша өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақтылап, қолданыстағы артық кірме сөздерден арыламыз деген сенім бар.

Жасұлан АЛДАБЕРГЕНОВ,
облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры.
20 ақпан 2018 ж. 941 0