Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандармен 643 адам байланыста болған

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандармен 643 адам байланыста болған

 Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 26 науқаспен 643 адам байланыста болған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған 26 науқас анықталды. Олармен байланыста болғандардың саны – 643. Жақын қарым-қатынаста болғандар саны – 231, потенциальды байланыста болғандар 412 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда осы байланыста болғандардан 13 адам правизорлық стационарға, 218 адам карантинге оқушауланды», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Басқарма басшысының айтуынша, Қызылорда облысына қауіптілік деңгейі 1 (А) елдерінен барлығы 20 адам келген. Оның алтауы – стационарға, 14 – үй карантиніне жатқызылған.
Сондай-ақ, өңірге қауіптілік деңгейі 1 (Б) елдерінен барлығы 168 адам келген. Оның алтауы – стационарға оқшауланса, 158 – үй карантиніне алынған.
«Бүгінгі таңда облыста анықталған коронавирустық инфекцияның барлық ошақтары толық залалсыздандырылды. Қауіпті індет анықталған 26 науқастың жағдайы нашарлаусыз, қанағаттанарлық күйде», – деді басқарма басшысы брифингте.
02 сәуір 2020 ж. 453 0