Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин: Қызылордада кешкі 21:00-ден кейін жүруге мүлдем тыйым салынды

Карантин: Қызылордада кешкі 21:00-ден кейін жүруге мүлдем тыйым салынды

Қызылорда облысында індеттің белең алуына орай, жаңа қаулы қабылданды. Соған сәйкес, тұрғындар мына өзгерістерден хабардар болуы керек, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
– Кешкі 21.00 ден таңғы 06.00 ге дейін қалада жүруге тыйым салынды;
– Азық-түлік дүкендері, сауда үйлері 10.00 ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды;
– «Ақмешіт – Мерей», «Шанхай», «Аспалы көпір», «Тасбөгет» кенттерінің тұрғындары патрульдік полицияның қадағалауымен ғана қала аумағына кіре алады. Осы аудандарда әр үйден бір адам қажеттілікпен ғана шыға алады;
– Дәріханалардың жұмысына шектеу жоқ;
– 55 жастан асқан тұрғындар мен жасөспірімдерге көшеде жүруге тыйым салынады;
– Қоғамдық көліктер таңғы 06:00-ден 20.00-ге дейін күшейтілген дезинфекциялық жұмыстар арқылы жүре алады;
– Тұрғындар көшеде енді бетпердесіз жүре алмайды;
– Облыстың бас санитары қабылдаған жаңа қаулы 7 сәуірден 21-ші сәуірге дейін ұзартылды.
07 сәуір 2020 ж. 382 0