Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Такси, пойыз... Қызылордада тағы неге тыйым салынды?

Такси, пойыз... Қызылордада тағы неге тыйым салынды?

Қызылордада екі аптаға дейін такси қызметіне, облыс орталығы мен станцияларына тоқтайтын жолаушы тасымалдаушы пойыздардың жүрісіне тыйым салынды, – деп хабарлайды syrboyi.kz. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30 наурыздағы № 4 қаулысына караниндік режимдегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
«Одан бөлек, дүкен, дәріхана, монша, көлік жуу орындарының жұмыс уақытына шектеу қойылды. Бұл шаралар өңірде коронавирустық инфекцияны одан әрі өршітпеу, аурудың алдын алу мақсатында қолға алынып отыр», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Төменде қаулының толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз:
Қызылорда облысы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қызылорда облысында коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) эпидемиологиялық ахуалы күрделенуіне байланысты инфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы аумағында 00:00 сағат 03.04.2020 жылдан бастап 07:00 сағат 17.04.2020 жылға дейін карантиндік режимде шектеу шаралары жариялансын.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес «Облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы» Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №4 қаулысына келесі толықтырулар мен өзгертулерді енгізуді:
1-тармақтың 1.1. тармақшасына мынадай редакцияда жазылсын:
1.1. 03.04.2020 жылдың 00:00 сағаттан бастап, азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық заттарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының  үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді қоспағанда, Қызылорда облысы аумағында автокөліктерге 14 тәулікке  кіруге және шығуға,  тыйым салуды;
1-тармақтың 1.2., 1.3., 1.4. тармақшаларының орнына мынадай редакцияда өзгертуді:
1.2. Үкіметтік, жүктік, транзиттік рейстер мен Қызылорда облысының әкімімен келісілген рейстерді қоспағанда, барлық рейстер:
-   04.04.2020 жылдың жергілікті уақыт сағат 08:00-ден  бастап  транзиттік және соңғы станциясы Қызылорда қаласы және Қызылорда облысының станциялары болып табылатын жолаушылар тасымалына арналған барлық теміржол байланыстарына тыйым салуды.
- Белкөл станциясында жолаушы поездарына техникалық қызмет көрсетуге тыйым салуды.
2-тармақтың 2.2., 2.4., 2.5., 2.6. тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
2.2. Азық-түлік гипермаркеттерінің, оптомаркеттердің, супермаркеттердің, минимаркеттердің, дүкендердің, азық-түлік сөрелерінің, дәріханалардың және бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етуді;
2.4. Қоғамдық моншалар мен автожуу қызметін тоқтатуды;
2.5. Ішкі қоғамдық көліктің жұмысын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен және жүргізушілер мен кассирлердің сақтық шараларын қатаң сақталуымен сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс жасауына рұқсат етуді;
2.6. Қала, ауданаралық автокөліктер мен таксилердің қатынауына, облыс орталығындағы таксилердің жүруіне тыйым салуды;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2.7., 2.8. тармақшаларымен толықтырылсын:
2.7. Қызылорда қаласындағы «Сенім» ЖШС емханасының коронавирус инфекциясымен жақын және потенциалды қарым-қатынаста болған медицина қызметкерлерін соңғы ауру тіркелген уақыттан бастап 14 күнге дейін медициналық бақылауға алынуын және емханада қатаң санитариялық-дезинфекциялық ережелерді, сақтық шараларын сақтай отырып аурумен еш қатынасы болмаған медицина қызметкерлері мен кіші буынды қызметкерлердің шектеулі уақытта 17:00 сағатқа дейін жұмыс жасауын қамтамасыз етуді және емханаға келген пациенттерді бетперделермен қамтамасыз етуді;
2.8. Жаңақорған ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №1 Қаулы талаптарының орындалуын қатаң бақылауға алуды.
7-тармақтың 7.3. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
7.3. Қажеттілікке байланысты кәмелетке толмағандар отбасы мүшелерінің ересектерімен бірге және ересектердің тұрғын үйлерінен шығып 3 адамнан артық топтасып жүруіне 21:00 сағаттан кейін жол бермеуді;
8-тармақтың, 8.1., 8.2. тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
8.1. Жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпорындарында вахталық әдіспен  жұмыс жасайтын жұмысшылар, кен орындары басшылары Қызылорда қаласына кіріп-шығуға рұқсат құжаттар дайындауды;
8.2. Сәйкестігін негіздеу мақсатында жұмысшылар тізімін блок-бекеттерге жолдауды.
9. Осы Қаулының орындалуын қадағалауды өзімде қалдырамын.
10. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

А.Абдикаимова,
Қызылорда облысының
бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
02 сәуір 2020 ж. 538 0