Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Әлемнің ақылға қонымсыз заңдарын білесіз бе?

Әлемнің ақылға қонымсыз заңдарын білесіз бе?

Әлемде қанша ел болса, сонша заң бар. Бірақ кейбір заң тармақтары түсініксіз қана болмай, еріксіз күлкіңді келтіретіндері де бар. Әлем елдерінің ақылға қонымсыз заңдарын Sputnic ақпарат агенттігі ұсынған болатын.
АҚШ
Американың Айдахо штатында түйенің үстінде отырып, балық аулауға тыйым салынған. Ал жексенбі күні әткеншек тебуге болмайды.
Айова штатында мұртты ер адамдар көпшілік алдында әйелді сүйе алмайды. Ал Алабаманың заңы тіптен қызық. Мұнда шалбардың артқы қалтасына балмұздақ салып жүруге болмайды екен. Сондай-ақ бұл штатта жүргізушілерге автокөлікті көзді байлап жүргізуге тыйым салынған.
Миссури штатына бара қалсаңыз, түнгі екі мен таңғы алты аралығында сыра ішпегеніңіз дұрыс.
Ал Блит қаласында ковбойдың бәтеңкесін киіп жүру үшін, кемінде 2 сиырыңыз болуы керек екен.
Лос-Анджелесте бақаларды жалауға тыйым салынған. Бұл заңның өз себебі бар: жасөспірімдер кейбір бақаның терісінде галлюциногендер (есірткі заты) барын анықтаған. Осыдан кейін нашақорлар бақа аулап, жалап жүретін болған.
Флорида штатында 24 сағат ішінде үш тәрелкеден артық сындыруға болмайды. Сондай-ақ дәл осы штатта кешкі сағат 18.00-ден кейін қоғамдық орындарда жел шығаруға тыйым салынған.
Тағы бір ақылға қонымсыз заң: барлық ғимараттың есігі тек сыртқа ашылуы тиіс.
Канада
Канадада үй иелері есігін қалаған түспен сырлай алмайды. Қолданыстағы заң есіктің түсін таңдауға шектеу қойып отыр. Қызғылт түсті есік айыппұл салуға себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ, елдегі түсініксіз заңдардың бірі – маргариннің түсі. Өнім өндірушілерге маргаринді сары түсті етіп әзірлеуге тыйым салынған.
Бұған қоса, бұл елде ағашқа өрмелеуге де болмайды.
Қытай
Қытайда суға батып бара жатқан адамды көрсеңіз, көмектеспегеніңіз абзал. Өйткені сіздің көмегіңіз оның тағдырына араласу болып саналады екен.
Қытайда өлген адамды жерлеуге тыйым салынды
Австралия
Австралияның Виктория штатында күйіп кеткен шамды кәсіби электршілер ғана ауыстыра алады. Қарапайым тұрғындарға қатаң тыйым салынған.
Ал Гавайидің Гонолулу қаласында күн батқаннан кейін бар дауыспен ән айтсаңыз, басыңыз бәлеге қалуы мүмкін.
Италия
Жергілікті заңдарға сәйкес, Мария есімді әйелдер жезөзекшелікпен айналыса алмайды.
Шотландия
Егер біреу-міреу үйіңіздің есігін қағып, дәретханаға барғысы келетінін айтса, онда оны үйге кіргізуге міндеттісіз.
Швейцария
Көп қабатты үйде тұратындар кешкі сағат оннан кейін унитаздың суын ағыза алмайды. Себебі судың дыбысы көршілердің мазасын алады екен.
kyn.kz


03 қыркүйек 2018 ж. 405 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам