Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент тұрғыны бетперде тігуде

Кент тұрғыны бетперде тігуде

Бүгінде аудан көлемінде  қауіпті індеттен қорғану мақсатында бетперде тігуді қолға алғандар қатары жетерлік. Күнделікті  індеттің алдын алу мақсатында бір реттік және көп реттік бетперделерді жеке кәсіпкерлер тігуде. Олардың қатарында кент тұрғыны Жанерке Нұрмағанбет те бар. «ЖАСА»  ЖК  иесі, жас ісмер күнделікті 100-ден аса бетперде тігіп, халық игілігіне ұсынуда. Бір бетперде тігу үшін 10-15 минут  уақытын жұмсайтын тігінші сұранысқа сай бетперденің бірнеше түрін жасап шығармақ. Өз кезегінде жас кәсіпкер  бетпердені көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға  тегін таратуға ниетті.

«ТТ»- ақпарат
01 сәуір 2020 ж. 622 0