Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс орталығына кіруге тыйым салынады

Облыс орталығына кіруге тыйым салынады




Облыс тұрғындары арасында
қауіпсіздік шараларын
қамтамасыз ету туралы

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) нақтыланған 5 жағдайы тіркелуіне байланысты Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабы, 1-тармағы 13)-тармақшасына сәйкесоблыстаинфекцияны шоғырландыру және таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2020 жылдың 31 наурызы сағат 00:00 бастап 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 07:00 дейін Қызылорда қаласында карантин және Қызылорда облысы аумағы бойынша келесі шектеу шаралары енгізілсін (тұрғылықты мекен-жайына кіру және шығу 02.04.2020 жылдың сағат 00-00 дейін, растайтын құжат негізінде рұқсат етіледі).
1. Облыс әкіміне қамтамасыз етуді:
           1.1. 31.03.2020 жылдың 00:00 сағаттан бастап коронавирус инфекциясының таралуын ескере отырып, азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық заттарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының  үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді қоспағанда, Қызылорда қаласына келесі көліктерге (авто, әуе көліктеріне) 14 тәулікке  кіруге және шығуға тыйым салуды;
           1.2. жүк және жолаушыларды тасымалдауды есепке алмағанда, 01.04.2020 жылдың 00:00 сағаттан бастап соңғы стансасы Қызылорда қаласы болып табылатын барлық  темір жол желісінің қызметіне  тыйым салуды;
           1.3. Қызылорда қаласына келетін транзиттік жолаушыларды Шиелі және Тереңөзек станцияларында түсіруді қамтамасыз етуді;
           1.4. Осыған байланысты Қызылорда қаласына Шиелі мен Тереңөзектен Қызылорда қаласына келетін автомобиль жолдарында куәландырушы құжаттарды ұсына отырып (пойыз билеттері және т.б.), қосымша блок-бекеттер орнатуды;
         1.5. Блок-бекеттер мамандарының жұмысын күшейту және олардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуді;
         2. Қала, аудан әкімдеріне, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшысына:
         2.1. Діни үйлердің, балабақшалардың, базарлардың (жануарларды өткізу орындары (мал базарлары), автомобиль және т. б.), сауда үйлерінің, азық-түлік емес сауда орталықтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік құрылымдардың барлық түрлерінің, оның ішінде жеке тұрған азық-түлік емес дүкендердің, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильондарының, химиялық тазартулардың, кір жуу орындарының, фотоательдердің, фотосалондардың, оптикалардың, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктердің, техникалық қызмет көрсету станцияларының, сауналардың, фитнес-клубтардың, тренажер залдарының, спорт кешендерінің, бассейндердің, сұлулық салондарының, спа-орталықтардың, студиялардың, барбершоптардың, компьютерлік және интернет клубтар, букмекерлік және лото мото конторалар, бильярд клубтары, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді, қонақ үй кешендерін, көрмелерді және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілерді жалға алу қызметтері тоқтатылсын;
2.2. Азық-түлік гипермаркеттерінің, оптомаркеттердің, супермаркеттердің, минимаркеттердің, дүкендердің, азық-түлік сөрелерінің, дәріханалардың және бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен рұқсат етілсін;
         2.3.   Мейрамханалардың, дәмханалардың, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын "клиенттерге дейін жеткізу" қағидаты бойынша сағат 10-00-ден 20-00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен рұқсат етілсін;
2.4. Күшейтілген санитарлық – дезинфекциялық режиммен қоғамдық моншалардың жұмысын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, автожуу қызметіне сағат 10.00-ден 18.00-ге дейінгі шектеумен рұқсат етілсін;
2.5. Ішкі қоғамдық көліктің жұмысын күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етілсін;
2.6. Вокзалдар, автовокзалдар мен базарлар аумақтарындағы (ойын, спорт алаңдарын қоса алғанда), тұрғын үй кешендерінің аумағындағы аула алаңдарын, қоғамдық жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеуді күшейту.
         3. "ҚТЖ – Жүк тасымалы" акционерлік қоғамы филиалының «ГП Қызылордалық бөлімше» директоры А. Арысбаевқа:
3.1. 01.04.2020 жылы 00:00 сағаттан бастап Қызылордаға кірудің жабылуына байланысты транзиттік жолаушылар поездарына Белкөл станциясында жолаушыларды отырғызуға және түсіруге тыйым салу жөніндегі шараларды қатаң сақтай отырып, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін;
4. Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қызылорда бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына, ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қызылорда стансасындағы ішкі істер желілік басқармасына:
4.1.Соңғы стансасы Қызылорда қаласы болып табылатын пойыздар үшін Қызылорда қаласының теміржол вокзалында жеке қорғаныс құралдарымен мамандарды қамтамасыз ете отырып, олардың тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету шартымен блок-бекет қойылсын.
         5. Аудан әкімдеріне:
         5.1. Аудандар деңгейінде эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, осы Қаулыға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізсін;
         6. Қармақшы ауданының әкіміне, Байқоңыр кешеніндегі ҚР ПАӨҚҚБ, Қызылорда облысының ПД:
         6.1. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль трассасында блок-бекеттер енгізе отырып, Байқоңырға, Төретам және Ақай елді мекендеріне кіру және шығу тоқтатылсын;
         6.2. Төретам ст. теміржол вокзалында жеке қорғаныс құралдарымен мамандарды қамтамасыз ете отырып, блок-бекет қойылсын;
7. Облыстық полиция департаменті басшысына, №66597 әскери бөлім командиріне:
7.1. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактілері анықталған жағдайда  өз құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалар шегінде дереу тиісті шаралар қабылдап, профилактикалық мақсатта БАҚ-на кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;
7.2. Азаматтардың қоғамдық орындарында (саябақ, сквер және т.б.) болуына жол бермеу мақсатында патрульдеу шаралары күшейтілсін;
7.3. Кәмелетке толмағандардың отбасы мүшелерінің ересектермен бірге жүруін қоспағанда тұрғындардың 3 адамнан артық топтасып жүріп-тұруына жол бермесін;
7.4. Карантиндік аймақты қоршауды қамтамасыз етсін, жаяу жүргіншілерге қалаға кіруге, сондай–ақ рұқсат етілмеген көліктің барлық түрлерінің кіруіне тосқауыл қойсын;
7.5. Көшеде жүру құқығын шектей отырып, азаматтардың үй карантин режимін сақтауын бақыласын;
7.6. Провизорлық және карантиндік стационарларда байланыста болған адамдарды оқшаулау және күзетуді қамтамасыз етсін;
7.7. Облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің келісімі бойынша әскери қызметшілер мен арнайы техникалар бөлінсін;
8. Қызылорда облыстық индустриялық – инновациялық даму басқарма басшысына:
8.1. Жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпорындарымен бірлесіп вахталық әдіспен Қызылорда қаласына кіріп-шығып  жұмыс жасайтын жұмысшылардың тізімі дайындалсын;
8.2. Сәйкестігін тексеру мақсатында жұмысшылар тізімін блок-бекеттеріне жолдансын;
9. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысына:
9.1. Коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша  Қызылорда облысындағы шектеу шаралары мен Қызылорда қаласындағы карантин режимі  жайлы жадынамалар тарату, хабарландырулар,  инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы  жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін;
10. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29.03.2020 жылғы № 3-ші Қаулысының күші жойылған деп танылсын;
11. Осы Қаулының орындалуын қадағалауды Өзімде қалдырамын;
12.Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қызылорда облысының
Бас санитарлық дәрігері                                                  А.Абдикаимова
31 наурыз 2020 ж. 724 0