Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол

Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның қауіпті кеселі. Аудандық қазынашылық басқармасы жыл басында белгілеген жоспарға сәйкес ай сайын осы бір келеңсіз құбылысқа қарсы күресті ұйымдастырып келеді. Осыған орай наурыз айында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" атты іс-шара кең көлемде ұлы Абайдың 175 жылдығына байланыстыра өткізілу керек еді. Өкінішке орай әлемдік пандемияға байланысты еліміз бойынша қабылданған шектеуге сәйкес іс-шара шағын түрде өткізілді.
Бірнеше мекеме қызметкері ұлы ақынның әділдік, турашылдық, шыншылдық, ұлтжандылық өлеңдерін жатқа оқыды. Дала данышпанының "Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол" деген ой орамының бүгінгі күні де маңызын жоймағандығын айтты. Іс-шараны қорытындылаған басқарма басшысы З.Рахымшаева ҚР Президенті Қ.Тоқаев "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" мақаласында мерейтойдың кең ауқымды ұйымдастырылуы той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілетінін жеткізген болатынын, осы тұрғыдан келгенде Абайдың адамның адам болып қалыптасуына бағытталған өнеге өсиеттерге толы шығармалармен сусындау, ой-өрісімізді кеңейту – рухани даму екенін жеткізді.


Шаһарбек БАЛТАБАЙҰЛЫ
31 наурыз 2020 ж. 881 0