Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Тұрғындар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Наурыз мерекесі аясында игілікті іс істеу тек бір күнмен шектелмейді. Ел-жұрт жақсы амалдар жасауды ай аяқталғанша жалғастырып, "Сәуір болмай, тәуір болмас" деген қағиданы ұстанады. Оның үстіне биыл елімізде коронавирус ауруына байланысты той тойлауға уақытша шектеу қойылып, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға басымдық берілуде.
Осыған орай Тереңөзек кентінің Б.Момышұлы көшесінің тұрғындары құрбандық шалып, етін аз қамтамасыз етілген 7 отбасыға тегін үлестірді. Көше тұрғындары орталай жиналған қаржының бір бөлігін аудандық мұсылмандар мешітіне өткізді. Айта кету керек, бұл игі істі жүзеге асыруға көшедегі 39 отбасы атсалысқан.
"Жыл сайын Ұлыстың Ұлы күнін кең көлемде атап өтетінбіз. Биыл елдегі төтенше жағдайға түсіністікпен қарап, қайырымдылық шарасын ұйымдастырдық. Лайым, әлемді алаңдатқан дертке тосқауыл қойылып, еліміз аман болсын. Аудан тұрғындарын сақтық шараларын ұстануға шақырамыз" дейді көше тұрғындары.

Ақтөре Ибрагимұлы
23 наурыз 2020 ж. 790 0