Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Көше тұрғындары құрбандыққа мал шалды

Көше тұрғындары құрбандыққа мал шалды

Тасаттық — діни рәсім. Тасаттықта құрбандық шалып, сауабын әруақтарға бағыштап, құран оқып, Алла Тағаладан адамзатқа игілік тілеп, ниет етіледі.
Коронавирус ауруының өршуіне байланысты  кеше Достық көшесінің тұрғындары тасаттық жасап, құрбандыққа мал шалды. Рақымжан қажы Бәйменов  аят оқып, әлемді алаңдатқан дерттің бетін әрі қылсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп бата берді.
#Birgemiz челенджімен фейсбук әлеуметтік желісінде көше тұрғындарығының игілікті ісіне көпшілік: – Ниет Қабыл болсын! Алла көп тілегін қабыл етсін, ниетіміз, кұрбандығымыз, садақамыз кабыл болсын, – деп  пікір қалдырды.
Бізде лайым, Қазақ елі аман болып, бірлігіміз бекем, тірлігіміз көркем болғай! Ауырмайық, ауырсақ тәуір болып кетейік деген көше тұрғындарының ниеті қабыл болсын демекпіз.
19 наурыз 2020 ж. 966 0