Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ұстаздар қайырымдылық челленджін бастады

Ұстаздар қайырымдылық челленджін бастады

Аудан педагогтары  бетперде (маска) тігу челленджін бастады. Елімізде орын алып жатқан жағдайларға байланысты халыққа көмектесіп, аурудың таралуын болдырмау, оның алдын алу мақсатында бетперде (маска) тігуді аудан мектептерінің көркем еңбек пәні мұғалімдері қолға алды. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің фейсбук ресми парақшасында жарияланды.
– «Дәріханалардың басым бөлігінде қорғаныш бетперденің тапшылығы кездесіп жатқаны мәлім. Біз осындай сәтте ауызбіршілік танытып, көмекті қажет ететін әлеуметтік аз қамтылған топтарға тегін таратудамыз. Бетперде екі қабаттап, таза шыт матадан тігілген. Біз бұл қайырымдылық шараны челленджге айналдырудамыз», - дейді көркем еңбек пәні мұғалімдері.
Осынау сындарлы сәтте бір-бірімізді қолдап, қиыншылықтарды бірге еңсереміз деген ұстаздардың игілікті ісі көпке үлгі.

"ТТ"-ақпарат 
19 наурыз 2020 ж. 832 0