Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БИЫЛ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНГЕН ГРАНТТАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ

БИЫЛ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНГЕН ГРАНТТАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ


Әлеумет үшін, әсіресе биыл мектеп бітіріп жоғары оқу орнына түсетіндерге өте маңызды ақпарат келіп түскен сәтте Bilimdinews.kz порталының редакциясы ата-аналар мен түлектерге биыл бөлінетін гранттар туралы ақпарат беруді жөн санапты.
ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, 2018-2019 оқу жылы жыл сайын беріліп келген 54 мың гранттың қатарына тағы 20 мың, атап айтқанда нақты техникалық мамандықтарға арналған 11 мың, грант қосылмақ.
  Отанымыздың білім саласын дамытуға бағытталған осы қадам өте маңызды, өйткені мектеп оқушыларының пәндерге деген қызығушылығын арттырады және де сол пәндер кейінірек мемлекеттік гранттарға қол жеткізуге, еңбек нарығының сұранысына сәйкес келетін техникалық білім алуға яғни жұмыс орнын табуға мүмкіндік береді.
  Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «…Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа экономика үшін қажет мыңдаған мамандарды даярлауға бұл мүмкіндік береді» деген болатын.
  ҚР Білім және ғылым министрлігі атап көрсеткендей, алдағы заманда техникалық мамандықтарға деген сұраныс одан да жоғары болып, арта түсетін болады.
Мұқият көңіл бөліп қарасаңыз, техникалық, атап айтқанда педагогикалық т.т. мамандықтарға бөлінген грант өсімінің қарқынын көресіздер. Грантқа деген мүмкіндікті арттыруға ынталы болған түлектер өз назарын ҰБТ пәндеріне аударып, оларды өздері үшін бөліп-белгілеп, тестілеуді сәтті тапсыруды мақсат тұтуы тиіс.
Дайындықтарыңыз сәтті болсын дей келе, осы ақпарат мейлінше көп жастарға көмегін тигізер, мемлекеттік білім грантын алу жолында жол сілтер деген зор үміттеміз.
11 сәуір 2018 ж. 1 166 0