Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Нағи Ілиясов ауылында Наурыз мерекесі тойланды

Нағи Ілиясов ауылында Наурыз мерекесі тойланды

Кеңес Одағының Батыры Нағи Ілиясов атындағы ауылда әз-Наурыз мерекесі өтті.

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» тақырыбында өткен салтанатты шараға аудан әкімі Р.Рүстемов қатысып, жиналғандарды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

Ауылдағы іс-шараға аудан орталығындағы және барлық ауылдық округтердегі мекемелер өз үлестерін қосып, шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты. Арнайы киіз үй тігіліп, наурыз көже дайындалып, театрландырылған қойылымдар қойылды. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен қызықты жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға қаржылай сыйлық берілді. Қой көтеру жарысында жеңімпаз атанған азаматқа қой сыйлыққа беріліп, ауыл жұртшылығы іс-шараны көтеріңкі көңіл-күйде атап өтті.

Айта кету керек, думанды іс-шараның өтуіне «Мағжан және К» серіктестігі демеушілік көрсетті. Осылайша, ән мен жырға бөленген ауыл бекем бірлігін, тату тірлігін көпшілікке паш етті.

"ТТ" ақпарат
13 наурыз 2020 ж. 1 039 0