Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жоба жүзеге асады

Жаңа жоба жүзеге асады

Сырдария аудандық "Тіршілік тынысы" газеті жаңа жобаны қолға алды. Бұл туралы аудандық газеттің Бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы фейсбук әлеуметтік желісінде жариялады.
"Бүгін аудандық "Тіршілік тынысы" газеті редакциясында өткен апталық мәжілісте айына бір рет "Әдебиет күнін" өткізу жөнінде шешім қабылдадық. "Әдебиет күнінде" ақындардың өлеңдерін кезектесіп оқып, поэтикалық дуэль ұйымдастырмақпыз. Іс-шараға қызығушылық танытқандар келіп қатысуға болады. Бүгін "Әдебиет күнінің" бастамасы ретінде Гүлсім Ахметжанқызы мен Фатима Маратқызы өлең оқып, ұжым бір серпіліп қалды. Келесі айда тыңғылықты дайындалып, жақсы поэтикалық дуэль ұйымдастырамыз деп сенемін", – делінген жазбада.
Атап өту керек, поэтикалық дуэль әр айдың соңғы аптасында сәрсенбі күні өтпек. Іс-шарада ақындардың өлеңдері оқылып, талдау жасалады. "Әдебиет күні" аудандық газет редакциясында өтеді.
12 наурыз 2020 ж. 561 0