Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар бригадасы құрылуда

Жастар бригадасы құрылуда

2019 жылы Жастар жылы аясында жұмыссыз жастар үшін бірнеше жобалар жүзеге асырылды. Соның бірі ауылдарда жастар бригадаларын құру болатын. Бастама ретінде Айдарлы, Шіркейлі ауылдарында құрылып, кейін бұл жоба А.Тоқмағанбетов, Ақжарма ауылдарында жалғасын тапты.

2020 жылдың 21 ақпаны күні Сырдария ауданында Волонтер жылының ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанаты барысында аудан әкімі Руслан Рүстемұлы жастарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында "Жастар бригадасы" жұмысын өзге ауылдарда құруды тапсырған еді. Осы мақсатқа орай Қоғалыкөл ауылдық округінде орналасқан «Жамбыл 2030» ЖШС-нің төрағасы С.Көмірбаевтың қолдауымен «Жамбыл жастары» бригадасы құрылды. Бригада құрамында 18-29 жас аралығындағы 10 жас бар. Айлық жалақылары да тұрақты.

Қазіргі күні аудан бойынша жастар бригадаларын құру арқылы ауылдарданң 58 жас тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Бұл жастар үшін үлкен қолдау болып табылады.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
05 наурыз 2020 ж. 643 0