Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Шиеліде жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

Шиелі ауданына қарасты Телікөл ауылдық округінде жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Онда аудан әкімі Әшім Оразбекұлы төрағалық етіп, күн тәртібіндегі мәселелерді қарады.

«Қоғамның басты бөлігін жастар құрайды. Олар үлкен күшке ие. Қазіргі таңда қоғамның белсенді мүшесі саналатын және экономикасы мықты, әлеуметтік бәсекеге қабілетті Қазақстанды құру үшін ауқымды әлеуетке ие жастарды кәсіпкерлікке тарту, оларды ынталандыру, жастар арасында кәсіпкерлік қызметті насихаттап, кәсіпкерлік рухты қалыптастыруға көмек көрсету және жас кәсіпкерлердің кәсібін ашып, жұмыс істеуіне мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралар жиынтығын көрсете отырып, күш салуымыз қажет», - деді аудан әкімі.
Жастар кеңесі осыған дейін 5 рет ұйымдастырылған. Осы жолы баяндамашылар колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы және жастар арасындағы қылмыстың алдын-алу бағытындағы жұмыстарды, Бестам мен Телікөл ауылдық округіндегі жастар саясатының жүзеге асырылуын мәлімдеді.
«Аяқталған оқу жылының нәтижесі бойынша 185 бітірушінің 173-і жұмысқа, ЖОО-на орналасып, 93 пайыз көрсеткішті көрсетті. 2018-2019 оқу жылының қортындысы бойынша 122 бітіруші түлек колледжбен қоштасып, оның ішінде қазіргі таңда 47 түлек Отан алдындағы әскери борышын өтеп жатса, 15 білім алушы жолдама арқылы түрлі мекемелерге жұмысқа орналасып, 51 пайыз көрсеткішті көрсетіп отыр. ЖОО-на 10 білім алушы оқуға тапсырды», – дейді Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі директорының міндетін атқарушы Б.Дайрақұлов.

Бестам ауылдық округінің жай-күйімен ауыл әкімі Ғ.Ыханов таныстырды. Қазіргі таңда Бестам ауылдық округінде 96 жас жұмыспен қамтылып отыр. Олардың ішінде «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» және «Жастар практикасы» сынды бағдарламаларға қатысып, қолдауға ие болғандары да бар.
Ал Телікөл ауылдық округінде кәсібі кеңге жайылып, нәпақасын тауып отқан жастар жетерлік. Мұны саяси отырыстың соңғы сөзін алған ауылдық округтің әкімі Ә.Сәрсенбаев баяндады.
Жиынға қатысушылар жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

kyzylorda-news.kz
07 тамыз 2019 ж. 791 0