Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 

Үлгілі үрдіс

Ауданға қарасты Нағи Ілиясов ауылында ауыл әкімдігінің және «Абзал және К» толық серіктестігінің бірлесе ұйымдастыруымен ерікті жас­тар бірқатар іс-шара өткізді.
Ең алдымен елді мекеннің ерікті жастары орталық алаңды қардан тазартып, ауылдың абаттануына өз үлестерін қосты. Жалынды және белсенді жастардың жақсы бастамасы негізінде орталық алаң қардан түгел тазаланды. Мұнан соң «Абзал және К» толық серіктестігінің демеушілігімен викториналық сұрақтар сайысы өтті. Сайысқа қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.
Басқосуда ауыл әкімі Сағдат Нұрмағанбетов пен «Абзал и К» толық серіктестігінің директоры Мағжан Ералиев адал, білімді және жас буын өкілдері мемлекеттің алтын қоры болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялауы ауыл жас­тарына қозғау салып, ерікті жастарға жаңа серпін сыйлағанын айтты.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

25 ақпан 2020 ж. 1 187 0