Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ЖАСТАР АКЦИЯҒА ҮН ҚОСТЫ

ЖАСТАР АКЦИЯҒА ҮН ҚОСТЫ

#BIRGE #TAZAQAZAQSTAN экологиялық акциясы республика көлемінде жүзеге асырылып, ел тұрғындары бірауыздан үлес қосуда. Жалпы экологиялық қиындықтарды жою мақсатында нәтижелі жоспар құру қажет. Қоршаған ортаны оның ішінде қарапайым халықтың қажетіне жараған су айдындарын таза ұстау түбегейлі міндетімізге кіреді. Жаппай тазалықты қатаң ұстанған мезетте экология зардаптарынан арылу жолдарын қарастыра аламыз. Аймақ басшысы Қ.Ысқақов жақында аймаққа қарасты аудан мен елді мекенге эстафета жолдаған болатын. Халықтың басты қағидаттарының бірі қоршаған ортаның ластануына төзбеушілік көзқараста болуы тиіс.
Кеше «Әйтек» арнасының жағалауын тазарту акциясы өткізілді. Оған «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатысып, белсенділік танытты. Жастар бұл акцияның маңыздылығын ұғына отырып, аудан тұрғындарын қатысуға шақырды. Су айданының ластанбауы адам өміріне төнген қауіпті сейілтеді. Барлық тіршіліктің қайнар көзі саналатын су арнасын таза ұстауда саналы тұрғыдан әрекет етуге барлық азамат мүдделі. Алдағы уақытта акция жұмысы көпшіліктің ұйымшылдығын көрсететін бірегей бастамаға айналатыны рас.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
27 шілде 2019 ж. 887 0