«IT әлемі» мультимедиялық фестивалінде бақ сынады

Фестиваль барысында ауданға қарасты мектептердің «Робототехника» бағыты бойынша көрмесі көрсетілсе, оқушылар үйінің «3Д модельдеу» үйірмесі мүшелері шеберлік сағатын өткізді. Ал робототехника бағытының «Лего» саласы бойынша конкурста оқушылар шеберлік байқасты. Сонымен қатар «Бағдарламалау негіздері» бойынша екі өлшемді және үш өлшемді анимация және үлгілеу яғни, анимация негізінде модельдеу жұмысы жасалды. Компьютерлік фильмдер визуалды программалау тілінде және Web–дизайн, web-программалау жобалар сайысы ұйымдастырылды .
Фестивальді аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Абдрасилова қорытындылап, жеңімпаз атанған оқушыларды арнайы дипломмен марапаттады.