Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сала мамандары студенттермен кездесті

Сала мамандары студенттермен кездесті

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария аудандық бөлім мамандары Сырдария аграрлы-техникалық колледжі мұғалімдері мен жоғары курс студенттерімен цифрлық сауаттылықты арттыру бағытында кездесу өткізді.
Кездесу барысында сала мамандары  «Электрондық үкімет» порталы, «eGov mobile» мобильдік қосымшасы және Digital agent мобильді қосымшасымен қызмет  бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Электронды үкімет порталының негізгі атқаратын міндеттерін нақты мысалмен түсіндірген сала мамандары студенттердің сауалдарына жауап берді. Алдағы уақытта жоғарыдағы көрсетілген қызметтерді пайдалану барысында ескеретін талаптар сараланды. Жүйеге кіру үшін пайдаланатын негізгі қызмет түрлері нақтыланды.

"ТТ"-ақпарат
20 ақпан 2020 ж. 739 0