Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 96 882 азамат жер кезегінде тұр

Қызылорда облысында 96 882 азамат жер кезегінде тұр

Бұл туралы халыққа есеп беру жиынында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.
Облыс әкімі өңірдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бір қатар мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
«Бүгінгі күні бізде тұрғын үй кезегінде 30 мыңнан астам (оның 25395 – Қызылорда қаласы бойынша) азамат тіркелген. Тұрғын үйге кезектің қатары жоғары болып тұр. Сондықтан, осы мәселені шешу барысында қарқынды жұмысты жалғастыруға тиістіміз. Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша жер кезегінде тұрған азаматтардың саны 96 882-ні құрап отыр, оның басым көпшілігі Қызылорда қаласының үлесінде – 59787 (62%). Соған қарамастан, бізде тұрғын үй салуға берілген жер телімдері уақтылы игеріліп жатқан жоқ. Мысалы, Қызылорда қаласында «Байтерек» тұрғын ауданынан тұрғын үй құрылысы үшін 5112 жер учаскесі ұсынылса, үш жылда не бәрі оның 1 мыңға жуығы ғана үйлерін аяқтап, кіру актісін алды», – дейді аймақ басшысы.
Оның айтуынша игерілмей тұрған жер учаскелерін мемлекетке қайтарып, кезекте тұрғандарға қайта табыстау қажет. Ал, ондай игерілмеген облыста 2600 жер учаскесі бар болып шықты.
19 ақпан 2020 ж. 419 0