Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болады

ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болады

20 маусымда Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Білім және ғылым министрлігіндегілер ҰБТ нәтижелерін қайдан білуге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды. 
Биылғы жылы ҰБТ нәтижелерін:
  • @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен; 
  • edu.mail.kz сайтынан; 
  • Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет
Биыл министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау бойынша нақты қадамдар қабылдауда. Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның объективтілігіне сенімді азайтады. 
«Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз мына телефон бойынша хабарласуды: +7 (7172) 69-50-87 немесе @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз. Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз», - делінеді хабарламада.
Сонымен қатар тестілеуге қатысты сұрақтар бойынша Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді: 8-800-080-7177.


20 маусым 2019 ж. 719 0