Игі бастама жалғасын табуда

Облыс әкімі Қ.Ысқақов жолдаған жыр оқу бастамасын аудан әкімі Р.Рүстемов зор ықыласпен қабыл алды. Аудан басшысының ұлы ақынның «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңін оқыған ведеосы ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні әлеуметтік желіде жарияланды. Әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан оң баға алған видеоға пікір жазушылардың саны көп болды. Атап өту керек, аудан әкімі жыр оқу бастамасымн ауылдық окургі әкімдеріне жолдаған болатын.
Бүгінде аудан әкімінің жолдамасын қабыл алып, Шаған, Айдарлы, Асқар Тоқмағамбетов ауылдық оуругтерінің әкімдері жалғастырды. Абай Құнанбайұлының шығармашылығынан үзінді оқу ауданда алдағы уақытта да жалғасатынына сенім мол.